RU
Толық нұсқаға өту
ЖИ

Цифрландыру шекарада жүк күту уақытын 10 есеге қысқартты

06.10.2026, 10:51 46

«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүктердің кезек күту уақыты 30 күннен 3 күнге дейін, яғни 10 есеге қысқарды, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді. «Digital Qazaqstan» стратегиясы шеңберінде жүзеге асырылған цифрлық жобаларды талқылау барысында жиында көлік саласының тиімділігін арттыру, жолдардың сақталуын қамтамасыз ету және бизнес пен азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзімін қысқарту мәселелері қаралды.

Ведомство басшысының айтуынша, бұл көрсеткішке «Smart Cargo» платформасы мен «Нұр Жолы» өткізу пунктінде іске қосылған тасымалдың цифрлық паспорты арқылы қол жеткізілді. Қағаз талонның орнына бірыңғай QR-код қолданылуының арқасында бүгінгі таңда 11 мыңнан астам паспорт рәсімделіп, жүк өткізу жылдамдығы 30 пайызға артты.

Нұр Жолы – Қорғас» бағытында кезекті күту уақыты 10 есеге қысқарды. Бұрын 30 күн болса, қазір 3 күн. Келесі қадам - Әзербайжан мен Ресей платформаларымен интеграция жасау, - деді министр.

Сонымен қатар көлік саласындағы шешімдерді біріктіретін бірыңғай цифрлық орта - «e-Kөлік» жүйесі де белсенді дамытылып келеді. Оның жұмысын қамтамасыз ету үшін «Smart Data Transport» деректер базасы құрылып, қазірдің өзінде 9 деректер көзі қосылды. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 40-қа дейін жеткізу және жасанды интеллект көмегімен көлік желісіне 100 пайыздық мониторинг жүргізу жоспарланып отыр.

Цифрландыру мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылына да оң әсерін тигізуде. Атап айтқанда, тұрғындардың өтініштерін жасанды интеллект көмегімен өңдеу арқылы оларды қарау мерзімі 15 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне дейін қысқарды. Алдағы уақытта бұл мерзімді 1 күнге дейін жеткізу көзделген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz