ChatGPT чат-ботын әзірлеген OpenAI компаниясы жасанды интеллект көмегімен жасалған контентті белгілеу үшін көрінбейтін сутаңба енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ.
Америкалық компания бұл қадамды Еуропалық одақтың Жасанды интеллект туралы заңы талаптарына сәйкестендіру қажеттілігімен түсіндірді.
Сутаңба алдағы бірнеше аптада Еуропалық одақтағы ChatGPT пен Codex пайдаланушыларына барлық тарифтік жоспар бойынша енгізіледі.
OpenAI түсіндіргендей, сутаңба көзге көрінетін белгі емес. Ол модельдің сөз таңдау тәсілін аздап өзгерту арқылы жасалады. Соның нәтижесінде оқырманға байқалмайтын, бірақ арнайы детектор арқылы анықталатын өзіндік реттілік пайда болады. Компания детекторды тек мақұлданған зерттеушілер мен осы саладағы ұйымдарға ұсынады.
OpenAI мәліметінше, textGrain технологиясы модель таңдаған сөздерге көрінбейтін статистикалық белгі қосады. Ал арнайы детектор мәтінде OpenAI сутаңбасының бар-жоғын анықтайды.
Компания сутаңба адамның мәтінге қосқан үлесін өлшемейтінін, авторлық құқықты немесе жауапкершілікті анықтамайтынын, пайдаланушыны сәйкестендірмейтінін және материалдың шынайылығын тексермейтінін атап өтті.
Сонымен қатар мәтінде сутаңбаның болмауы оның міндетті түрде адам тарапынан жазылғанын 100% білдірмейді.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #сутаңба #таңба #ЧатGPTPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz