RU
Толық нұсқаға өту

Биыл цифрлық жүйелерге көшу 92% аяқталды

06.10.2026, 13:00 46

Елдегі кәсіпорындардың цифрлық егізі іске қосылмақ.

Бұл - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен Digital Qazaqstan стратегиясында көрсетілген мақсаттардың бірі. Өндіріс ошақтарының цифрлық егіз моделі өнімділікті арттырып, технологиялық процестерді үдетеді. Мәселен, KAZ Minerals кәсіпорнында цифрлық технологиялар мыс өндірісін 2 пайызға арттырған. 2028 жылға дейін мұндай технологияны қазақстандық кәсіпорындардың 60 пайызына енгізу жоспарланған.

Бақыт Топтаева, тілші :

- Жыл соңына дейін елімізде eGov GPT арқылы 150 түрлі қызметті іске қосылады. Қазірдің өзінде электронды үкімет қосымшасындағы eGov GPT сервисінде 51 қызмет қолжетімді. Үкімет отырысында Премьер-министр орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев осы күнге дейін атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Оның айтуынша,  биылға жоспарланған цифрлық жүйелерді көшіру 92%-ға аяқталды. 2028 жылға қарай жасанды интеллект көрсететін қызметтер үлесін 40%-ға жеткізу жоспарланса, ал 2029 жылға қарай мемлекеттік қызмет алу уақытын екі есе қысқарту көзделген.

Жаслан Мәдиев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:

- 2027 жылы жалпы қуаты 186 МВт болатын деректер орталықтарын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Ал 2028 жылдың екінші тоқсанында тағы 109 МВт қуат іске қосылады. Firebird AI компаниясымен $10 млрд көлемінде келісімдер топтамасына қол қойылды. Жобаға 20-дан астам халықаралық технологиялық компания мен инвестор қызығушылық танытып отыр.

Бақыт Топтаева, тілші:

- Жасанды интеллект құрылыс саласында қағазбастылықтан арылуға көмектеседі. Мәселен, құрылыс құжаттарын мемлекеттік сараптамалық тексерістен өткізуге бұрын 5 күн кететін. Қазір екі күнде толық тексерістен өтеді. Осылай бүгінге дейін 864 жобаны жасанды интеллект жылдамдатып сараптауға сеп болған.

Ерсайын Нағаспаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:

- Жыл соңына дейін тағы үш  жасанды интеллект модулі әзірленеді. Олар құжаттарды, сызбаларды, инженерлік желілер мен сметаларды автоматты тексеруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде мемлекеттік сараптаманың барлық негізгі процестеріне жасанды интеллект енгізу жоспарланып отыр.

Бақыт Топтаева, тілші:

- Энергетика, Көлік, Өнеркәсіп және қүрылыс, Ауыл шаруашылығы, Қаржы министрлері цифрлық жүйелерге көшу жоспары мен межеленген міндеттерді пысықтады. Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр Олжас Бектенов 2029 жылға дейінгі Digital Qazaqstan стратегиясы бойынша сала жауаптыларына тиісті тапсырмалар берді. 

Бақыт Топтаева, Асхат Қарақойшиев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz