RU
Толық нұсқаға өту

Елдегі музейлер қоры цифрландырылды

07.10.2026, 14:00 214

Енді әлемнің кез келген нүктесінен Қазақстан музейлерін онлайн аралауға болады. Бірыңғай «E-museum» порталы елдегі 285 мұражайды бір платформаға біріктірді, деп хабарлайды 24KZ.

Ол тарихи жәдігерлерді цифрлық режимде сақтауға жол ашып отыр. Қазір музейлер қорының 66 мың экспонаты электронды форматқа көшірілді. Соның 750-ден астамы 3D үлгісіне бейімделген. Бүгінде жәдігерлерді сипаттауға жасанды интеллект технологиясын енгізу қолға алынды. Сандық жүйеге көшкен барлық ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді, дейді мамандар.

Назгүл Қадірімбетова, ҚР Ұлттық музейі Мәдени мұраны ғылыми зерттеу институтының басшысы:

– Мемлекеттік каталог бөлімінде 66 мың жәдігердің сипаттамасы, тарихы, санаты, материалы секілді ақпарат берілген. Бұған қоса, «E-museum» веб-порталының интерфейсінде қолжетімділік мүмкіндігі өте зор. Инклюзивті навигация, дыбыстық сүйемелдеу, үлкен қаріп режимі енгізілген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz