RU
Толық нұсқаға өту

ЖИ мен цифрлық технологиялардың ақпарат саласына ықпалы талқыланды

16.10.2026, 16:29 47

Ақпарат саласы жаңа мүмкіндік пен үлкен сын-қатердің ортасында тұр.

Алайда жасанды интеллектіден жалтара алмайсың. Бұл заман талабы. Түйткілді мәселе түркі мемлекеттері ұйымының да күн тәртібіне шықты. Сондықтан бүгін жауапты министрлер мен жоғары лауазымды тұлғалардың 8-отырысы өтіп, ортақ коммюникеге қол қойылды. Тараптар цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің қарқынын талқылады. Оның ықпалынан медиа сала, ақпарат тарату тәсілдері, тіпті аудиториямен байланыс орнату тетіктері түбегейлі өзгеріп жатқаны айтылды. Ал мәдениет және ақпарат министрінің бірінші орынбасары жалған материалдарға қатысты ойын ортаға салды. Яғни шынайы бейне, сурет пен дыбыс жазбасынан ажыратылуы қиын контент жасауға көп қаржы қажет емес, дейді Қанат Ысқақов. Салдарынан өтіріктің таралуымен бірге шынайы ақпарат көздеріне сенімнің төмендеуі өзекті боп тұр.

Қанат Ысқақов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің бірінші орынбасары:

- Жаңа технологиялар енгізу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ең алдымен, жарияланатын материалдардың шынайылығын қамтамасыз ету және ЖИ қолданылғанын ашық көрсетіп, журналистердің кәсіби жауапкершілігін сақтау маңызды. Осы бағытта ТМҰ мүше елдерінің арасында медиа өндірісінде ЖИ қолдану тілдік технологияларды дамыту және мамандар даярлау бағытында тәжірибе алмасуды кеңінен ұсынамыз. 

Жиынға қатысушылар  ұлттық ақпарат агенттіктерінің байланысын нығайтудың маңызына тоқталды. Журналистердің жаңа технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру де керек. Дипфейкті анықтау,  ақпараттың шынайылығын жедел тексеру жайына мән берілді. Келесі 9-отырыс Бішкекте өтеді.

Расим Багиров, Әзербайжанның БАҚ және хабар тарату кеңесі халықаралық қатынастар департаментінің басшысы:

- Ақпараттық қауіпсіздік аса маңызды. Яғни біздің ортақ ақпараттық алаңда жалған, бұрмаланған немесе идеологиялық сарындағы мәліметтер көрініс тапса шұғыл әрекет етуіміз керек. Бұл өзара серіктестік әрі өзара тәжірибе арқылы ғана мүмкін дүние. Себебі тығыз араласу арқылы сенімді ақпарат көздеріне бірден жүгініп, оның ақ-қарасын анықтауға бірлесе кірісеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz