Шымкентте жоғары оқу орындарын басқару ісіне жасанды интеллект енгізіле бастады. Оқу процесін, ғылыми жұмыстар мен электронды құжат айналымын бір жүйеге топтастырған цифрлық платформа студенттер мен оқытушыларға таныстырылды, деп хабарлайды 24KZ.
Ақылды жүйеге педагогтар туралы мәлімет, шәкіртақы мен жатақханаға қатысты дерек енгізіледі. Алдағы уақытта электронды портал Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық ресурстарымен біріктіріледі. Сондай-ақ оқу орнында заманауи «MEDIA HUB» ашылды. Интерактивті студияда авторлық бейнелекция жазылып, цифрлық контенттер жасалады.
Рабиға Қуатбекова, академик Ә. Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетінің ректоры:
– Біз цифрлық даму бастамаларын жасап жатырмыз. Білім алушыларымыз тікелей осы бейнестудияда өздерінің пікірін, оқу бағдарламаларын, әлемдегі ЖОО-мен, басқа да тұлғалармен кездесіп, кеңінен пікір алмасады. Ғылыми-зерттеу жобаларын талқылайды. Сондай-ақ көп мүмкіндіктер туады.
Тегтер #Шымкент #жоғары оқу орындары #жасанды интеллектPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz