Қазақстандағы барлық су қоймасын 2027 жылдың соңына дейін цифрландыру жоспарланып отыр. Қазір бес су қоймасының цифрлық сыңары жасалған. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ.
Министрдің айтуынша, су ресурстарын басқарудың ұлттық цифрлық жүйесі әзірленген. Сонымен қатар ауыл шаруашылығына Smart Data Agro, Smart Farm және Smart Agro Platform платформаларын кезең-кезеңімен енгізу көзделген.
Көлік саласында да цифрландыру жұмыстары жалғасып жатыр. Негізгі мақсат – ішкі және халықаралық тасымалда қағаз жүкқұжаттарынан толық бас тарту.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #су қоймалары #цифрландыру жүйесіКөлік саласын цифрландырудың мақсаты – ішкі және халықаралық тасымалдар кезінде қағаз тауар-көлік жүкқұжаттарынан толық бас тарту. Электрондық рұқсаттар және электрондық жүкқұжаттар бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Пилоттық жобалар бірқатар елдермен бірге жүзеге асырылуда, – деді Жаслан Мәдиев.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz