RU
Толық нұсқаға өту

Есірткімен күресте жасанды интеллект қолданылады

17.11.2026, 19:40 33

Астанада есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте жасанды интеллект енгізілмек, деп хабарлайды 24KZ.

Ол интернет кеңістігін бақылап, есірткі сатуға қатысты контентті автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді. Жүйе таныстырылымында бір тәулікте 79, бір аптада 421, ал бір айда екі мыңнан астам күмәнді материал анықталғаны белгілі болды. Полиция мәліметінше, жыл басынан бері елордада есірткінің заңсыз айналымына қатысты 884 құқықбұзушылық тіркеліп, 359 қылмыстық іс қозғалған. 10 іске кәмелетке толмағандардың қатысы болған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz