Елде мемлекеттік қызметтерді жасанды интеллект көмегімен өз бетінше ала алатын 9 цифрлық кеңсе ашылды. Жаңа форматтағы орталық Астана, Шымкент, Түркістан, Жезқазған, Сәтбаев, Орал, Петропавл, Қарағанды және Тараз қалаларында жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды 24KZ.
Цифрлық кеңістік үш аймаққа бөлінген. Оның 70 пайызы жедел қызмет көрсетуге бағытталған. Мұнда азаматтар eGov GPT цифрлық көмекшісі орнатылған терминалдар арқылы қызметтерді өз бетінше ала алады. Ал 20 пайызды сараптамалық аймақ құрайды. Онда кеңесшілер азаматтарға цифрлық қызметтерді пайдалануға көмектеседі. Ал оқу аймағына бөлінген соңғы 10 пайызында цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша оқыту жүргізіледі. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы онлайн форматта қолжетімді. Осылайша, кейінгі жылдары Халыққа қызмет көрсету орталықтарының операторларына жүгінетін азаматтардың саны 30 пайызға қысқарды.
Тегтер #жасанды интеллект #цифрлық кеңсе #EgovPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz