RU
Толық нұсқаға өту

Заманауи платформа ұлттық нақыштағы өнімдердің иесін тез табуына көмектеседі

26.11.2026, 08:55 51

Цифрлық сервистер кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетіп жатыр.

Қазір 20 мың адам пайдаланатын BusinessGO касса мен тауар есебін бір жүйеде жүргізуге мүмкіндік береді. Ал SaudaHub базардағы сауда орындарын есепке алуға, онлайн шарт жасасуға және төлем жүргізуге арналған. Қолөнершілердің өнімі де көпшілікке қолжетімді бола түсті. Таяуда Шебер платформасы іске қосылды. Жүйеге 2 мың қолөнер иесі тіркеліп үлгірді. Соның бірі Нұржан Ділманов. Шебер бұл іске 25 жыл бұрын келген. Уақыт өткен сайын тұтынушылар қатары артып келеді дейді. Заманауи платформалар ұлттық нақыштағы өнімдердің иесін тез табуына көмектеседі. 

Нұржан Ділманов, қолөнер шебері:

- Клиент тапсырыс берген жағдайда Қазпошта келіп, өзі келіп алып кетіп, өзі апарып береді да. Біз мына ізде оны апарып таксиге салып, оны бүйтіп жүрмейміз. Өзі келіп, өзі алып кетіп, өзі апарып береді. Біз тек жұмыс орнымызда ғана беріп, сатып жататын жайымыз болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz