RU
Толық нұсқаға өту

Президент: Елімізде саяси қудалау жоқ

03.01.2024, 13:40 1022

Қазіргі Қазақстанда цензура, арнаулы заңдар мен жазалаушы органдардың ешқайсысы жоқ.

Біздің заңнамамызда азаматтарды саяси көзқарасы үшін қудалауға негіз болатын бірде-бір жарлық, бірде-бір заң, бірде-бір нормативтік құжат жоқ.

"Егемен Қазақстан" газетінде шыққан сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп Қазақстанның ауқымды демократиялық өзгеріс жасап, адам құқықтарын қорғау ісінде зор табысқа жеткен бірден-бір ел екенін атап өтті. Елімізде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты, көптеген тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істеп тұр.

Сондай-ақ, Президент жаңа заң қабылданған соң елде бейбіт жиындардың саны еселеп артқаны жайында айтты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz