RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы Олжас Бектеновті қабылдады

01.03.2024, 12:32 951

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Премьер-министр:

-  еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы және экономиканың өсімін қамтамасыз ету жоспары туралы баяндады;

- отандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейту үшін қабылданып жатқан шаралар жайында мәлімет берді:

- қазақстандық өнімдердің үлесін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың, жер қойнауын пайдаланушылар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алу рәсімдерін жетілдіру жұмыстары басталған;

- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өнеркәсіптің перспективті салаларын қарқынды түрде дамытуға ерекше назар аударылып жатқанын жеткізді.

- заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысы туралы айтты.

- Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz