RU
Толық нұсқаға өту

Тоқаевтың Арменияға ресми сапары басталды

15.04.2024, 11:56 925

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еревандағы ресми сапары басталды.

Арменияның Мемлекеттік резиденциясында қазақ басшысын салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Сондай-ақ қос мемлекеттің әнұрандары шырқалды.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Салтанатты рәсімнен соң Мемлекет басшысы мен Армения Премьер-министрі келіссөз өтетін залға барды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz