«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.
Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz