RU
Толық нұсқаға өту

Тоқаев: Армияда жүріп те нақты мамандық алуға болады

06.05.2024, 13:20 824

Қазақстанның айбынды армиясы кәсіби тұрғыдан білікті әрі заманға сай озық болуы үшін Қарулы Күштерімізді одан әрі нығайту жұмыстары жалғасады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жаңа әуе базасының ашылғанын атап өтті.

Бұл – ұлттық қорғаныс жүйесінің әлеуеті арта түсті деген сөз. Біз армияның беделін көтеруге айрықша мән береміз. Отан қорғау – баршамызға ортақ парыз. Мұны, әсіресе өскелең ұрпақ терең түсінгені абзал. Мемлекет жас сарбаздарға жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр. Оларға арнайы білім гранттары бөліне бастады. Несиені өтеу мерзімі кейінге шегерілді. Енді армияда жүріп, нақты мамандық алуға болады", деді Президент өз сөзінде.

Шын мәнінде, әскер – мемлекеттің аса маңызды символы. Мен сарбаздарымыздың жауынгерлік рухы жоғары болғанын мақтан етемін, – деді Мемлекет басшысы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz