RU
Толық нұсқаға өту

Президент Аида Балаеваны қабылдады

13.05.2024, 15:34 955

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті тәсілдер жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ақпарат, мәдениет, креативті индустрия, азаматтық қоғам, дін, этносаралық қарым-қатынас, жастар және отбасылық-демографиялық саясат салаларында қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді.

Аида Балаева ведомствоның жетекшілік ететін салаларын дамытуға қатысты жоспарын айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы министрлікке мәдени-тарихи нысандардың инфрақұрылымын дамыту, шығармашылықты қолдау, Қазақстанның мәдениетін шетелде дәріптеу секілді бірқатар нақты міндет жүктеді. Бұдан бөлек, креативті индустрияны институционалдық тұрғыда қолдау және аталған саланы жедел дамыту жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz