RU
Толық нұсқаға өту

Президент балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған фестивальге барды

01.06.2024, 14:09 865

Алматыға сапары кезінде Президент халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған балалар фестиваліне барды.

«Jas Galym. Science Quest» деген атаумен өтіп жатқан дәстүрлі фестиваль биыл ғылым тақырыбына арналды. Қасым-Жомарт Тоқаев қала оқушыларымен бірге «Science», «Engeneering», «Art», «Technology» және «Mathematics» станцияларын аралап көрді. Квест форматында ұйымдастырылған шарада оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын таныстырды. Мемлекет басшысы балаларды мерекемен құттықтап, келешек ұрпаққа зор үміт артатынын айтты. Жеткіншектердің ғылыми ізденісі мен шығармашылығын шыңдауға үлес қосқаны үшін фестиваль ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz