RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы Мальтаның сыртқы істер министрін қабылдады

25.06.2024, 17:03 1028

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Мальтаның Сыртқы, еуропалық істер және сауда министрі Иан Борчты қабылдады, деп хабарлайды 24kz.

Кездесу барысында екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері, сондай-ақ ұйым аясындағы ықпалдастықтың жай-күйі талқыланды. Мемлекет басшысы ұйымның қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлер жағдайында барлық үш өлшем бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Сондай-ақ 2010 жылғы ұйым саммитінің Астана декларациясында бекітілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан барлық тараппен тығыз ынтымақтастық жасауға бейілді екенін растады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz