RU
Толық нұсқаға өту

Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

03.08.2024, 21:29 1283

Жерлесіміз Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды 24kz.

Ол спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда жүлдеге қол жеткізді. Отандасымыз ақтық сында 15.443 ұпай алды. Осылайша, Нариман елімізге спорттық гимнастикадан Олимпиаданың алғашқы медалін сыйлады.

Нариман Құрбанов, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері:

- Мен ат жаттығуында комбинацияны жасамас бұрын барлық жұмысты денеге қалдырдым. Мұны қалай өткергенімді өзім де түсіндіре алмаймын. бұл жаттығуды күнде қайталаудың нәтижесінде бастан-аяқ жасап шықтым. Осы күнге дейін жиған бар тәжірибемді бүгін көрсете алдым деп ойлаймын.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz