RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

09.08.2024, 16:35 864

Қазақстан Президенті Жапония Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда болған жер сілкінісіне байланысты жапон халқына сабыр тілеп, табиғат апатының салдары ауыр болмайды деп үміттенетінін айтты.

Өз кезегінде Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапарын, соның ішінде «Орталық Азия + Жапония» Диалогының бірінші саммитіне қатысуын амалсыздан кейінге шегергенін өкінішпен жеткізді. Мемлекет басшысы жоспарланған сапардың кейінге қалуын түсіністікпен қабылдады.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фумио Кишида қазақ-жапон қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылап, өңіраралық ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы жоспарланған сапардың кейінге қалуын түсіністікпен қабылдады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz