RU
Толық нұсқаға өту

Қ.Тоқаев Бразилия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

11.08.2024, 14:02 817

Мемлекет басшысы Бразилия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилияның Сан-Паулу штатында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Луис Инасиу Лула да Силваға көңіл айтты.

«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Бразилия халқына көңіл айтамын», - деп жазылған жеделхатта.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz