RU
Толық нұсқаға өту

Президент Астана әкімін қабылдады

13.08.2024, 18:28 1089

Биыл елордада 20-дан астам мектеп пен 6 студенттік жатақхана салынады.

Сондай-ақ 170 аула және 70-ке жуық көше жөнделеді. Мемлекет басшысының қабылдауында болған Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек осылай деп, жартыжылдықтың жұмысын жіпке тізді. Негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша шаһарда оң динамика байқалатынын мәлімдеді. Атап айтсақ, инвестиция көлемі 600 миллиард теңгеден асты. Сақалды құрылыстар мәселесі шешіліп жатқанын хабарлады. Жыл соңына дейін үлескерлер түгел пәтерлеріне қоныстанады. Жылу маусымына дайындық та қаралды. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев шаһарды абаттандыру және V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындықты пысықтауды тапсырды.

Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz