RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Армения президенттері келіссөз жүргізді

15.10.2024, 14:30 1012

Қасым-Жомарт Тоқаев Ваагн Хачатурянға еліміздің қазақ-армян ынтымақтастығын мүлдем жаңа деңгейге көтеруге мүдделі екенін айтты.

Келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, қаржы, мәдени-гуманитарлық және цифрландыру салаларындағы ықпалдастықты нығайтудың перспективаларын талқылады. Сондай-ақ аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылды. «Армения – еліміздің сенімді әрі уақыт сынынан өткен жақын серіктесі. Біздің халықтарды берік достық, ортақ тарих және ұқсас мәдени-гуманитарлық құндылықтар байланыстырады. Екіжақты қатынастар барлық салада қарқынды дамып келе жатқанын айрықша атап өткім келеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ваагн Хачатурян мемлекет басшысына қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтып, Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілді екенін жеткізді. 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz