RU
Толық нұсқаға өту

Қ.Тоқаев Австрия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

26.10.2024, 12:49 915

Мемлекет басшысы Австрияның Федералдық Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Австрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады.

Президент жеделхатында екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Австрияның ықпалдастығы қос халықтың игілігі үшін беки түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленге және Австрия халқына құт-береке тіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz