RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев Испания Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады

31.10.2024, 18:42 895

Қасым-Жомарт Тоқаев Испанияда табиғи апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Фелипеге көңіл айтты.

– Осындай ауыр сәтте Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz