RU
Толық нұсқаға өту

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен кездесті

03.12.2024, 23:17 845

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Мұхаммед бен Салман бен Әбдел-азиз Әл Саудпен кездесті.

Президент биыл Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толғанын атап өтіп, осы кезеңде екі ел арасында сенімді саяси диалог жолға қойылғанын жеткізді. Кездесу барысында энергетика, мұнай-газ өнеркәсібі, көлік-логистика салаларындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Тақ мұрагері еліміз Сауд Арабиясының Орталық Азиядағы маңызды серіктесі деп атады. Оның пікірінше, екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарын қарқынды түрде дамытуға мол мүмкіндік бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz