Елдің бірқатар өңірінде қарлы боран, көктайғақ болады. Бұл туралы Қазгидромет орталығы хабарлады.
Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Абай мен Ұлытау өңірлерінде қар жауып, сырма жүреді. Желдің екпіні секундына 15-тен 20 метрге дейін жетеді. Ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында тұман түседі. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының тас жолдарында көктайғақ болады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz