RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев Sinovation Venture ЖИ институтының президенті Ли Кай-Фуды қабылдады

10.01.2025, 12:55 845

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемге белгілі кәсіпкер, Sinovation Venture жасанды интеллект институтының президенті Ли Кай-Фуды қабылдады.

Кездесуде тараптар озық технологияны білім, денсаулық сақтау, энергетика сынды салаларда пайдалану бойынша пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интелектіні енгізудің стратегиялық маңызына тоқталды. Сондай-ақ әлемдегі жетекші сарапшылармен тәжірибе алмасу цифрлық трансформациядағы өршіл мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететінін айтты. Қытай мен АҚШ елдерінде жасанды интеллект саласын дамытқан әрі бағдарламалық өнімдер әзірлеуде бай тәжірибесі бар Ли Кай-Фу Қазақстанның IT бастамаларды енгізу, бәсекеге қабілетті технологиялық экожүйе құру ісіндегі әлеуетін жоғары бағалады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz