RU
Толық нұсқаға өту

Қасым-Жомарт Тоқаев Виктор Орбанмен телефон арқылы сөйлесті

17.01.2025, 19:28 851

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікке оң баға берді. Ең алдымен энергетика, қаржы және инвестиция салаларындағы келісімдердің тиімді іске асуына назар аударылды. Ынтымақтастықты жандандыру үшін бірлескен жұмысты жалғастырудың маңызына ден қойылды. Сонымен қатар жаһандық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасып, халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастықты күшейтуге бейіл екендерін растады. Әңгімелесу соңында Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz