RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев Кувейт Әмірін құттықтады

25.02.2025, 11:27 652

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахты Кувейт мемлекетінің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы жеделхатта Кувейтті Таяу Шығыс пен ислам әлеміндегі саяси және экономикалық тұрғыдан беделді ел ретінде бағалайтынын жеткізді. Сондай-ақ мемлекеттеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы саладағы ынтымақтастық қос халықтың игілігі үшін алдағы уақытта да қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахтың жауапты қызметіне толайым табыс, ал бауырлас Кувейт халқына бақ-береке тіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz