Түркістан қаласында енді қорғау аймағы айқындалады. Сол аумақта биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимарат салуға тыйым салынбақ.
Тарихы терең, мәдени мұрасы мол өлкеде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен бастап барлық ескерткіш қорғауға алынады. Бұған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» жаңа Заң мүмкіндік береді. Құжатта еліміздің рухани астанасына айналған әсем шаһарды дамытып, тарихи һәм сәулет мұрасын сақтау қарастырылған. Археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмысты реттеу бір жолға қойылады. Тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеуге басымдық беріледі. Сондай-ақ, археологиялық ескерткіштердің резерватын құрыдады. Оған қоса туристік орталыққа айналуға барлық жағдай жасалмақ. Қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізіліп, тиімді бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігі кеңейтіледі. Туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz