Бүгін – Жаңару күні.
Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады. Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Бұл – алға жаңа мақсат қойып, жаңа жобаларды бастау, өмірді жақсылыққа қарай өзгерту туралы шешім қабылдау уақыты.
Наурызнамаға енгізілген «Жаңару күні» жұртшылық көктемгі ағаш егу дәстүрін орындайды.
Еске сала кетейік, Наурызнама онкүндігі қайырымдылық пен мәдени шаралардан бастап, ұлттық салт-дәстүрлер мен экологиялық акцияларға дейін қоғамның барлық саласын қамтуға бағытталған.
14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесі
15 наурыз – «Қайырымдылық күні»
16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні».
17 наурыз – «Шаңырақ күні»
18 наурыз – Ұлттық киім күні
19 наурыз – Жаңару күні.
20 наурыз – Ұлттық спорт күні
21 наурыз– Ынтымақ күні
22 наурыз – Жыл басы
23 наурыз – Тазару күні
Тегтер #Жаңару күніPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz