RU
Толық нұсқаға өту

Үш өңірде көлік қозғалысы шектелді

27.03.2025, 08:00 591

Елдің үш өңірде қарғын судың жайылуына байланысты республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысы шектелді. Ақтөбе облысында Қандыағаш қаласы мен Ембі қаласы аралығындағы жол бөлігі жабық тұр.

Қостанай өңірінің Қазақстан мен Ресей арасындағы шекарасындағы Мариновка ауылына апаратын жолдың бөлігін су басты. Сондай-ақ Петропавл қаласының айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейінгі аралықтағы жол бөлігі жабылды. Қазір республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 629 арнайы техника мен 1860 маман жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол компаниясының өкілдері.   

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz