Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Еліміздің батысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тек республиканың орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл көтеріледі, оңтүстік-батысында бұршақ жауады, шығысында түнде көктайғақ күтіледі. Сонымен қатар солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында тұман түседі, делінген Қазгидрометтің хабарламасында.
Тегтер #Қазақстан #сәуір #ауа райы болжамыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz