RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа салық кодексінің жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

09.04.2025, 17:00 611

Мәжіліс отырысында жаңа Салық кодексінің жобасы қаралып, бірінші оқылымда мақұлданды. Енді салада бірқатар өзгеріс болады. Премьер-министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрінің айтуынша, қосылған құн салығы 16 пайыз  болып бекітіледі. Ал салық бойынша шек - 40 миллион теңгеге жетпек. Бірақ оның салдары жоқ емес. Мәселен, қосылған құн салығы бойынша ұсынылатын шектің төмендеуіне байланысты бюджет 400 миллиард теңге жоғалтады. Сондай-ақ 160 мың жаңа салық төлеушіден айырылу қаупі бар,- дейді Серік Жұманғарин. Тақырыпты Мәжіліс отырысында барған әріптесім жалғастырады.

Альмира Оразбай, тілші:

-Жаңа салық кодексінде бірқатар саланы қосылған құн салығынан босату ұсынылды. Олардың арасында әлеуметтік маңызы жоғары азық-түлік, кітап шығару және археология салалары бар. Премьер-министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі осылай деп, денсаулық сақтау саласындағы қосылған салықты төлеуден босатылатын дәрі-дәрмектердің тізімін Үкімет анықтайтынын мәлімдеді. Қосылған құн салығы - ақылы медициналық қызметтерге ғана салынады және ол 10 пайыз болады, деді.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрі:

- Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 10% болады. Әлеуметтік саладағы корпоративтік табыс салығы – 2026 жылдан бастап 5% және 2027 жылдан бастап 10% болады. ++ арнаулы салық режимі бойынша рұқсат етілген тізім емес, тыйым салынған тізім енгізіледі.

Тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі.

Жетінші – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бойынша бәрін сол күйінде қалдырамыз. Яғни 70% жеңілдік қалады.

Альмира Оразбай, тілші: 

- Отырыста Мәжіліс депутаттары, кәсіпкерлердің жайы алаңдататынын айтты. Дегенмен, жаңа салық кодексінде орта және шағын бизнеске арналған режимнің жеңілдігі қарастырылған. Мысалы Кіріс лимиті – қолданыстағы 600 мың айлық есептік көрсеткіш болып сақталады. Ал қызметкерлер саны бойынша шектеулер алынып тасталады.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрі:

-Егер жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істейтін салық төлеуші тауарды немесе қызметті «арнаулы режимшіден» сатып алса, онда оның мұндай шығындарды шегеруге құқығы жоқ. Қызмет түрлерінің санын Үкімет реттейтін болады. Осылайша, «үй жанындағы» дүкендер, шаштараздар және халықпен жұмыс істейтін кәсіпкерлер осы шарттарға сәйкес келеді және қосылған құн салығын төлеуші болмайды. Оларға қорқудың қажеті жоқ.

Альмира Оразбай, тілші:

-Ұсынылған жаңа салық реформасында кірісін жасыратындарға жол жоқ! Ал жалпы құжаттан не күтеміз дегенге Серік Жұманғариннің түщымды жауабы болды. Алғашқысы - жыл сайына қосымша 4-5 триллион теңге салық түсімдері болмақ. Сондай-ақ Ұлттық қорға тәуелділік төмендеп, бюджет өзін-өзі қамтамасыз етеді. Иә, мұндай өзгерістер инфляцияға әсер етуі мүмкін. Дегенмен Серік Жұманғарин оның әсері тек уақытша болады деп сендірді.

Альмира Оразбай, Ержан Қанапияұлы

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz