Елордада халық саны көбейіп келеді. Қазір шаһарда 1,5 млн-нан аса тұрғын бар.
Бұдан бөлек, жақын маңдағы елді мекендерден күніне 200 мыңға тарта адам келіп-кетеді. Жер аяғы кеңейісімен ауылдағы ағайын да Астанаға ағылады. Иә, 2 млн-ға тарта адамның қала ішінде жаяу жүрмейтіні белгілі. Кемінде тең жартысы автобусқа мінеді. Енді осы бас қаладағы қоғамдық көліктердің жайы қалай?
Мен тізгіндеп келе жатқан бұл көліктің бас қалада қалың жұртшылыққа қызмет етіп жүргеніне 8 жыл болды. Жол көлік оқиғаларынан аман болса, 20 жылға тарта елордада ойқастап жүруге шамасы бар. Дегенмен ережеге сәйкес бұл көліктер тек 14 жыл жүруі тиіс. Ал одан кейін қолданыстан шығарылады.
Бас қалада 105 автобус бағдары бар. Оның 74-і қалада, 26-ы қала маңына арналған. Ал бесеуі жол жүру уақытын азайтуға әрі жайлы сапарға бағытталған экспресс бағдар. Бүгінде осы бағдарларда 1640 автобус қызмет етеді. Темір тұлпарларды 2300-ге тарта жүргізуші тізгіндейді. Солардың бірі Дидар Бекназаров.
Дидар Бекназаров, жүргізуші:
- Астанадағы автобус паркіндегі көліктердің орташа қолданылу мерзімі 7 жыл. Мамандардың айтуынша, ережеге сәйкес шыққанына 14 жылдан асқан автобусты қолдануға болмайды.
Бекзат Байтасов, CTS компаниясы Көлік үйлестіру департаментінің бас менеджері:
- Астанада жүрген көліктердің көпшілігі Қазақстанда құрастырылған. Олар Қарағанды облысы Саран қаласынан келеді. Жарамсыз автобустар немесе 14 жыл мерзімі аяқталған көліктер бірінші техникалық тексерістен өтеді. Техникалық тексеріс жарамсыз деп танылған жағдайда қайта өңдеуге немесе қосалқы бөлшек ретінде пайдаланады. Кей жағдайда жеке меншікке сатылады.
Бас шаһардағы көліктердің жартысынан көбі жаңа. Ең ескісі 2017 жылы өз қызметін бастаған. Қоғамдық көлік те жылдан жылға көбейіп келеді. Былтыр елордада 1400-ге жетер жетпес көлік болса, биыл 1600 ден асты. Енді жылдың соңына дейін қоғамдық көлік санын тағы 300-ге көбейту жоспарда бар.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #қоғамдық көлік #АстанаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz