RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді

18.04.2025, 12:13 671

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды. Мұнда Президент бірқатар нысанның қызметімен танысады деп күтілуде. Сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізу жоспарланған.

Еліміздің №1 борты Ақтауға келісімен әуежайдан облыс әкімі күтіп алды. Қасым Жомарт Тоқаев  бірнеше маңызды нысандарға барып, іске асып жатқан тың жобалармен танысады. Ақтаудағы көтерме тарату орталығы 40 мың шаршы метр аумақта 40 мың тоннаға дейін азық-түлік сақтайтын ірі кешен. Нысанның бірінші кезегі былтыр жазда қолданысқа берілсе, биыл қарашада екінші кезегі ашылады.

Гүлжихан Жақаева, Көтерме тарату орталығының құрылтайшысы:

- Облыстағы ең негізгі проблема ол - азық-түлік бағасының тұрақсыздығы. Баға үнемі секіріп тұрады. Біздің облыстың орналасуына және климатына байланысты азық-түліктің 85%-і сырттан келеді. Тұтынушыға жеткенше азық-түлік бағасы 30-40%-ке көтеріліп кетеді.

Мемлекет басшысы Есенов университетінің технопаркін аралап көреді деп күтілуде. Жоғарғы оқу орнының жанынан ашылған нысан студенттерге тәжірбиелік тағлым алу үшін таптырмас орта. Атап айтқанда, дизайнер, көркем өнер, металл өңдеу, ағаш ұстасы, жиһаз жасау, робототехника , 3D модельдеу, электроника және басқа да көптеген бөлімдерінде студенттер жұмысшы мамандықтарын игеріп шыға алады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы 10 спорт түрі бойынша залдармен жабдықталған, ақтаулықтардың сүйікті спорт сауықтыру орталығына айналып келе жатқан заманауы БС арена спорт кешеніне барып көреді. Ақтау теңіз порты терминалының жұмысын көрген соң инвесторлармен де кездеседі және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізеді деген ақпарат бар. 

Маңғыстау өңірінің экономикасы қарқынды дамып келе жатыр. Соңғы екі жылда өнім көлемі 1,2 есеге өскен. Былтыр Маңғыстауға негізгі капиталға 1 трлн теңгеден аса инвестиция тартылса, шетелден келген тікелей инвестиция көлемі 1,1 млрд АҚШ долларын құраған екен. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz