Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына шұғыл операция жасалды.
Кеше кешке Руслан Берденовке әкімшілік ғимаратының алдында оқ тиіп, ауруханаға түскен болатын. Жергілікті Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша науқастың өміріне қауіп жоқ. «Операция кезінде қан кету тоқтатылып, жарақаттанудан болған зақым қалпына келтірілді. Енді ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады. Қазір барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қылымыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды»,-деп хабарлады Шымкент қаласының Полиция департаменті.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #берденов #ШымкентPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz