RU
Толық нұсқаға өту

Шығыс Қазақстанда 392 шақырым жол жөнделеді

26.04.2025, 08:02 441

Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар бірқатар жолда орташа жөндеу жұмыстары басталды.

Биыл құрылыс жұмыстары 400 шақырымға жуық жолды қамтиды. Бұл мақсатқа 37 млрд теңге бөлінеді. Ал жоспарға енбеген кей бағыттарда ой-шұңқырлар тегістеліп бітеледі. Қазір мұндай жұмыстар Өскемен-Алтай-Рахман бұлақтарына апаратын күрежолдың бірнеше бөлігінде жүріп жатыр. Тау арасындағы автожолдың тоз-тозы шыққан. Жамап-жасқап қоймаса, жүру де қауіпті болып барады.

Кирилл Толчинников, мердігер компания өкілі: 

- Бұл жолдың көп бөлігі тау ішімен өтеді. Жыралардан аққан қар суы бар, жаңбыр суы бар бәрі қосылып асфальт жабындысын тез тоздырады. Сондықтан да   көктем сайын ой-шұңқырға толып кетеді. Таңғы 7-ден бастап осы жұмысқа кірісеміз. Енді бұл қауіпті учаскені айналып өтетін жаңа жолдың құрылысы біткенше ,осылай амалдай тұруға тура келеді.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz