Бүгін - Еңбекті қорғау күні. Бұл дата әлемде 2003 жылдан бері маңызға ие.
Біздің елде де дежұмыскерлердің талап-тілегін тыңдап, құқығын қорғайтын еңбек инспекциясы жұмыс істейді. Мемлекеттік еңбек инспекторлары жыл бедерінде 1 мың 332 тексеру жүргізіп,1 616 бұзушылық анықталды. Оның ішінде: еңбек саласында – 1 332, еңбек қауіпсіздігі және қорғау – 272, халықты жұмыспен қамту бойынша – 12 заң бұзу табылған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 10 мың жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды. Сондай-ақ жалақыны кешеуілдеткен 45 кәсіпорын анықталған. Жұмыс берушілер 1 мың 300 қызметкерге 395 млн теңге берешек болып шықты. Абырой болғанда араға еңбек инспекторлары араласып, 241 млн теңге төленді. Осылайша 1,1 мың қызметкердің құқығы қорғалды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Еңбек күні #мерекеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz