RU
Толық нұсқаға өту

Сот төрелігі академиясы Әділет министрлігімен меморандумға қол қойды

02.05.2025, 08:10 1145

Жоғары сот кеңесінің бастамасымен кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясы мен Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды 24KZ. Келісім ғылыми зерттеулерді дамытып, сараптамалық біліммен алмасуға, заңгерлік білім беру сапасын арттыруға және ғылыми қызметті жетілдіруге бағытталған.

Кеңес төрағасы Дмитрий Малахов бұл ынтымақтастық елдің заманауи құқықтық жүйесін дамыту үшін берік негіз құратынын айтты. Ал Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Жоғары сот кеңесімен өзара іс-қимылдың негізгі реформаларды ілгерілетудегі белсенді рөлін атап өтті. Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясы ғылыми байланыстарды нығайта береді. Сондай-ақ оқытуға үздік тәжірибелерді енгізе отырып, білікті заң кадрларын даярлау жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Дмитрий Малахов, ҚР Жоғары сот кеңесінің төрағасы:

- Сот төрелігі академиясы мен Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты арасында меморандумға қол қойылды. Бұл құжат жетекші заң институттарының ғылыми және практикалық әлеуетін біріктіруге мүмкіндік береді.

Ерлан Сәрсембаев, ҚР Әділет министрі:

- Сот төрелігі академиясы мен Заңнама және құқықтық ақпарат институты арасындағы ынтымақтастық дами береді. Тәжірибе мен заң шығару үрдісінің тең жүзеге асуы негізгі реформаларды ілгерілетуде өте маңызды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz