RU
Толық нұсқаға өту

Ауа райы болжамы: кейбір аймақтарда жоғары өрт қаупі сақталады

04.05.2025, 22:18 602

05 мамырда Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, шаңды дауыл күтіледі.

Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

05 мамырда Алматы облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 05 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.

Бартоғай су қоймасынан су жіберілуіне байланысты Шелек өзені – Малыбай ауылы (Алматы облысы) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды. Сағат 12:00 жағдай бойынша су деңгейі – 158 см (қауіпті деңгей – 186 см).

Алдағы уақытта су тасталымы көбейетін болса, су деңгейі қауіпті деңгейден асып, өзеннің арнасынан тасуы немесе жағалаудағы аумақтарды су басу қаупі туындауы мүмкін.

Ескерту: су деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

05 мамырда күндіз Атырау облысының батысында қатты жаңбыр, бұршақ, облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 05 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

05-06 мамырда Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.

05 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 05 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

05 мамырда Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 05 мамырда оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

05 мамырда Ақмола облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтілед. Көкшетау қ.: 05 мамырда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

05 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында батыстан жел соғады, түнде оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 05 мамырда батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с.

05 мамырда Батыс Қазақстан облысында күндіз батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

05 мамырда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

05 мамырда Қызылорда облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қызылорда қ.: 05 мамырда төтенше өрт қаупі күтіледі.

05 мамырда түнде және таңертең Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

05 мамырда Ұлытау облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Жезқазған қ.: 05 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.

05 мамырда Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 05 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

05 мамырда түнде және таңертең Қостанай облысында солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

05 мамырда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қ: 05 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қазгидромет

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz