Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі архивінен алынған Қазақстан Президентінің әкесі, гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Құжатқа сәйкес, ол Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Алайда бұл атақ берілмеген.
Кемел Тоқаев Польша аумағындағы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен наградталған.
Тегтер #Қасым Жомарт Тоқаев #Владимир Путин #Кемел ТоқаевPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz