Елге ресми сапармен Абу Дабидің Тақ мұрагері келді.
Ақордада Шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Алдымен өзара ілтипат. Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Сосын Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Айта кету керек, екі ел стратегиялық серіктес екенін құжат жүзінде ғана емес, қауырт тірлікте де дәлелдеп келеді.
Тегтер #Қазақстан #Абу Даби #тақ мұрагері #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz