Премьер-министр Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды 24kz.
Экономистер әлем нарығындағы қазіргі ахуал туралы сараптамалық пікір айтты. Мамадар ұлттық экономикаға әсер ететін үрдістерді атап өтіп, экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін алда атқарылатын жұмыстарға қатысты бірқатар ұсыныс білдірді. Әсіресе, инвестиция, сауда және өңдеу өнеркәсібіне баса назар аударылды. Сонымен қатар Үкіметтің басымдық берілмеген шығыстарды оңтайландыру және қаражатты маңызды бағыттарға қайта бөлу жөніндегі қызметі қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-министр Ұлттық экономика министрлігіне айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.
Тегтер #Олжас Бектенов #сарапшылар #экономикалық дамуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz