RU
Толық нұсқаға өту

Қазгидромет: Ауа райы күрт өзгереді

18.05.2025, 07:03 789

Белсенді циклонға байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігіне жаңбыр, солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс өңірлерге қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ әкеліп, жел күшейіп,  ауа температурасы төмендейді.

Тек батыс өңірде антициклонның әсерінен құрғақ және ашық ауа райы сақталады.

«Қазгидромет» хабарлауынша, келесі өңірлерді өрт қаупі жоғары болады: Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының батысы; Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының оңтүстігі; Жамбыл облысының солтүстігі мен оңтүстік-шығысы; Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аймақтары; Атырау облысының оңтүстігі, батысы, солтүстік-шығысы; Алматы облысының орталығы; Жетісу облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігі жатады. 

Мына өңірлерде төтенше өрт қаупі күтіледі: 

Қызылорда, Түркістан облыстары; 

Жамбыл облысының батысы, шығысы мен орталығы; 

Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысы; 

ШҚО мен Алматы облысының батысы, солтүстігі; 

Ақмола облысының батысы; 

Жетісу облысының солтүстігі мен шығысы; 

Абай облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі мен орталығы; 

Сондай-ақ кейбір аймақта аптап ыстық сақталады. Мәселен, Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында күндізгі уақытта ауа температурасы 35–37°С-қа дейін жоғарылайды. Осы өңірлердің оңтүстігінде күн 40°С-қа дейін барады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz