Қазақстан, Түркия және Әзербайжан судьяларды даярлау және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты күшейтіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Жоғары Сот Кеңесінде үш мемлекеттің судьялар мен прокурорларды даярлайтын арнайы оқу орындарының өкілдері кездесті.
Кездесуге қатысушылар серіктестікті дамытуға, тәжірибе алмасуға және бірлескен білім беру жобаларын іске асыруға қызығушылықтарын танытты. Жиында Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы мен Әзербайжан Республикасы Бас прокуратурасының ғылыми-оқу орталығы арасында сот төрелігі және кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қанат Мусин, ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының вице-ректоры:
- Мұндай екіжақты келісімдер сот төрелігі академияларының арасындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейтеді. Сондай-ақ қазақстандық сот кадрларын дайындаудың тиімділігін арттырады.
Бекир Алтун, Түркия Республикасы Сот төрелігі академиясының президенті:
- Мен Түрік Әділет академиясының атынан келіп отырмын. Бізді жылы қабылдады және арамызда өзара пікір алмасу өтті. Біз құқықтық байланыстар мен ынтымақтастықты одан әрі нығайту және дамыту қажеттілігі туралы ортақ пікірге келдік.
Тегтер #Қазақстан #Түркия #Әзербайжан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz