Премьер-министр экономиканың нақты секторын қаржыландыру бойынша «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі директорлар кеңесімен отырыс өткізді. Онда бизнес иелеріне мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары баяндалды. Мәселен, биылғы үш айда шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында 500 миллиард теңгеге жуық көлемде қаржы бөлінген. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда, 28% артық.
Бұдан бөлек, Қазақстанның даму банкі арқылы 300 миллиард теңгеге жуық сомаға 9 инвестициялық және 9 экспорттық операция қаржыландырылған. Агроөнеркәсіп секторын дамыту бойынша мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында 3 мыңнан астам кәсіпкер мемлекеттік қолдауға ие болды. Ал ірі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларды инвестициялауға «Бәйтерек» холдингі көмегімен биыл 8 триллион теңге бөлініп отыр. Бұл экономиканың алға жылжып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік бермек.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Холдингтің басты міндеттерінің бірі – экономиканың нақты секторын қаржыландыру. Инфрақұрылымды дамытуға негізделген жоспарлы 8 триллион теңгенің 2 триллион теңгеге жуығы игерілді. Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезеңінің енді басталғанына қарамастан оның қарқыны жаман емес. Холдинг құралдары арқылы алғаш рет осындай ауқымды қаржының инвестицияға құйылуы мемлекет үшін өте маңызды. Бұл экономиканың тың серпін беруіне ықпал етеді деп ойлаймын.
Тегтер #шағын және орта бизнес #Олжас Бектенов #бәйтерек холдингі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz