RU
Толық нұсқаға өту

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

23.05.2025, 07:23 402

Бүгін елдің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды 24kz.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстанда, Павлодар өңірінде ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендеп, жаңбыр, бұршақ жауады. Жалпы былтыр орташа температура нормадан 0,87 Цельсий градусына жоғары болды. Мұндай жағдай 1941 жылдан бері алтыншы рет тіркелген.

«Қазгидромет» мамандары жалпы күн күрт жылынып жатқанын айтады. Ел тұрғындары қыстағы жаңбырды да былтыр көрді. Оның мөлшері нормадан 144,5%-ке көп болған. Қар кеш жауды, бірақ мерзімінен ерте еріген. Мұның бәрі ауыл шаруашылығына оң әсер етуі керек. Алайда, оңтүстік өңірлерде ылғал тапшылығы байқалады. Былтыр елде күшті жел, дауыл, боран, аптап сынды 190 экстремалды жағдай тіркелген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz