Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық әрiптестiк және одақтастық қарым-қатынас туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуымен құттықтап, жеделхат жолдады.
«Елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың басты бағыттарын қамтитын бұл тарихи құжат қазақ-әзербайжан байланысын дамытудағы маңызды кезеңнің басталғанын айқындайды. Бірлескен күш-жігер арқылы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтып, екі жақты ынтымақтастықтың зор әлеуетін халықтарымыздың игілігі жолында пайдаланамыз деп сенемін» делінген құттықтау жеделхатында.
Тегтер #Тоқаев #Әзербайжан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz